©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

4.4. Көбiктi өрт сөндiру автоматты қондырғыларына қойылатын талаптар - "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды...


4.4. Көбiктi өрт сөндiру автоматты қондырғыларына қойылатын талаптар

      119. Құрылмалық орындалуы бойынша қондырғылар:


      1) спринклерлiк;
      2) дренчерлiк болып бөлiнедi.

      120. Дренчерлiк қондырғылар жетегiнiң түрi бойынша:


      1) электрлiк;
      2) гидравликалық
      3) пневматикалық
      4) механикалық
      5) құрама болып бөлiнедi.

      121. Қондырғылар жұмыс iстеу уақыты бойынша:


      1) 3 с. аспайтын жұмыс iстеу ұзақтығы бар жылдам әрекет ететiн;
      2) 30 с. аспайтын жұмыс iстеу ұзақтығы бар орташа инерциялық
      3) шамамен 30 с. бастап 180 с. дейiн жұмыс iстеу ұзақтығы бар инерциялық болып бөлiнедi.

      122. Қондырғылар өрт сөндiру тәсiлдерi бойынша:


      1) алаң бойынша өрт сөндiру қондырғылары;
      2) көлемдiк өрт сөндiру қондырғылары болып бөлiнедi.

      123. Қондырғылар әрекет ету ұзақтығы бойынша:


      1) 10 мин. аспайтын қысқа уақытты әрекет;
      2) 15 мин. аспайтын орташа ұзақтықты;
      3) шамамен 15 мин. бастап 25 мин. дейiнгi ұзақ әрекеттi болып бөлiнедi.

      124. Қондырғылар көбiк еселiлiгi бойынша:


      1) көбiгi төмен еселiлiктi өрт сөндiру қондырғылары (еселiлiгi 5 бастап 20 дейiн);
      2) көбiгi орташа еселiлiктi өрт сөндiру қондырғылары (еселiлiгi 20 бастап 200 дейiн);
      3) көбiгi жоғары еселiлiктi өрт сөндiру қондырғылары (еселiлiгi 200 астам) болып бөлiнедi.

      125. Қондырғылар белгiленген тәртiпте бекiтiлген қондырғыға арналған нормативтiк құжаттамаға сәйкес әрекет етудiң белгiленген уақыты iшiнде нормативтiктен төмен көбiктi берудiң берiлген қарқындылығын қамтамасыз ету қажет.

      126. Қондырғылар 1,5 МПа сынау қысымы кезiнде берiктiк пен қымтақтықты қамтамасыз ету қажет.

      127. Қондырғыларда пайдаланылатын көбiк түзушiлер Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келуi қажет.

      128. Қондырғылар:
      1) толтырылған құбыржолдар мен импульсты құрылғыдағы қысымды бақылау;
      2) көлiктiк ыдыстан көбiк түзушiнi құйып алу;
      3) көбiк түзушiнiң жеке сақталуы кезiнде автоматты мөлшерлеу;
      4) ең жоғарғы есептiк шығын мен есептiк бөлiктегi арынды қамтамасыз ететiн жылжымалы өрт техникасынан көбiк түзушiнiң ерiтiндiсiн беру;
      5) көбiк түзушiнi сақтау ыдысынан немесе оның ерiтiндiсiн құбыр жолдардан құйып алу;
      6) су, көбiк түзушi және оның ерiтiндiсiне арналған ыдыстардағы деңгейдi бақылау құрылғыларымен қамтамасыз етiледi.
      Көбiк түзушiнiң ерiтiндiсiн пайдаланған кезде оны араластыруға арналған құрылғылар қарастырылуы қажет.

      129. Қондырғылар белгiленген тәртiпте бекiтiлген су қоректендiргiшке арналған нормативтiк құжаттамаға сәйкес есептiк шығын мен арынды қамтамасыз ететiн автоматты суқоректендiргiшпен немесе қондырғыны негiзгi суқоректендiргiштi қосқанға дейiн қысым астында күту (бақылау) режимiнде ұстап тұратын импульсты құрылғымен жабдықталады.

      130. Қондырғыларда автоматты су қоректендiргiш немесе импульсты құрылғы ретiнде қолданылатын ыдыстар белгiленген тәртiпте бекiтiлген нормативтiк құжаттаманың талаптарына сәйкес келуi керек.

      131. Қондырғыларды электрмен басқару:


      1) жұмыс сорғысын автоматты iске қосуды;
      2) жұмыс сорғысы жұмыс iстеудiң белгiленген уақыты iшiнде өрт сөндiру режимiне iске қосылудан немесе шығуынан бас тартқан жағдайда резервтiк сорғының автоматты iске қосылуын;
      3) iлмектi арқаулардың электр жетектерiн автоматты басқаруды;
      4) басқару шынжырларының жұмысшыдан электр энергиясымен қоректенудiң резервтiк көзiне автоматты ауыстырып-қосуын қамтамасыз ету қажет;
      5) сорғы-мөлшерлегiштi автоматты iске қосуды;
      6) жұмыс сорғы мөлшерлегiшi жұмыс iстеудiң белгiленген уақыты iшiнде жұмыс режимiне шығуынан бас тартқан жағдайда резервтiк сорғы-мөлшерлегiштiң автоматты iске қосылуын;
      7) сорғы, сорғы-мөлшерлегiш және iлмектi арқаулардың электр жетектерiнiң сорғы станциясы үй-жайынан қолмен iске қосу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi қажет.

      132. Қондырғының сорғы станциясы үй-жайында:


      1) электрмен жабдықтаудың негiзгi және резервтiк енгiзуiнде кернеудiң және фазалардың жерге тұйықталуының (шақыру бойынша) болуы туралы;
      2) сорғыларды автоматты iске қосу мен сорғы-мөлшерлегiштi бұғаттау туралы;
      3) сұйық қоймадағы апатты деңгей туралы;
      4) дренажды шұңқыршадағы апатты деңгей туралы;
      5) дренчерлiк қондырғыларды басқару түйiндерiнiң боятқыш құбыр жолдары мен сорғы-мөлшерлегiштердiң арынды құбыр жолдарында орнатылған электр жетегi бар арынды құрылғылармен электр басқару желiлерiнiң бүлiнгенi туралы (бағыты бойынша шарт белгiнi ашумен) жарық сигнал беру жабдығын қарастырады.

      133. Қондырғының атқарымдығын тәулiк бойы бақылауды жүзеге асыратын мамандары бар үй-жайда:


      1) қондырғының iске қосылуы туралы (бағыты бойынша шарт белгiнi ашумен);
      2) сорғылардың автоматты iске қосылуын бұғаттау туралы;
      3) қондырғының ақаулы екенi туралы (автоматты суқоректендiргiште немесе импульсты құрылғыда қысымның түсуi, сұйық қоймадағы немесе дренаждық шұңқыршадағы судың апатты деңгейi, электр басқару желiлерiнiң арынды құрылғылармен бұзылуы, электрмен жабдықтаудың негiзгi енгiзуiндегi кернеудiң жоғалып кетуi туралы жалпы сигнал);
      4) электр жетегi бар ысырмалардың ақаулығы туралы жарықтық және дыбыстық сигнал беру жабдығын қарастырады.

      134. Өрт сөндiру қондырғыларын басқару түйiндерi:


      1) қондырғының жай-күйiн бақылау мүмкiндiгiн;
      2) сорғыларды қосуға, технологиялық және электртехникалық жабдықтарды ажыратуға арналған өрт туралы командалық импульсты қалыптастыру үшiн сигнал берудi;
      3) от сөндiру заттарын қоректену және үлестiру құбыр жолдарына өткiзудi қамтамасыз етуi қажет.

      135. Басқару түйiндерiн орналастыру, құбыр жолдарды жинақтау ҚР ҚНжЕ 2.02-15 талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

      136. Жинақтау аяқталғаннан кейiн басқару түйiндерiнiң:
      1) түйiн мен оның нөмiрiнiң атауы;
      2) бағытының нөмiрiн;
      3) қорғалатын үй-жайдың атауы;
      4) суландырғыштың типi мен саны;
      5) таңғыштың функционалды сұлбасы мен от сөндiру қондырғысының негiздi сұлбасы;
      6) от сөндiру затының берiлу бағыты;
      7) қондырғыны жұмысқа қосу тәсiлi көрсетiлген табличкамен жабдықталады.

      137. Қондырғылардың басқару түйiндерi мен құбыр жолдарын жарамсыз учаскелерiн алмастырып, бес жылда кемiнде бiр рет кiр мен тоттанудан шайылады және тазартылады.

      138. Қондырғылардың құбыр жолдары "Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге, қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар" Техникалық регламентiнiң , сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес бояйды.
      Қондырғылардың басқару түйiндерi "Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге, қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар" Техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес қызыл түске бояйды.
      Жабынның класы Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес, алайда VI төмен емес.

      139. Көбiк суландырғыштарын, хабарландырушыларды, жылу құлыптарын бояуға жол берiлмейдi.

      140. Қондырғылардың күрделi жөндеуге дейiнгi орташа қызмет мерзiмi 10 жылдан кем болмауы керек.

      141. Қондырғының қалтқысыз жұмыс iстеу ықтималдығы 0,924 кем болмауы қажет.

      142. Қондырғылар объектiде үлестiру құбыр жолдарында жинақталған қондырғылар санының 10 % кем болмайтын және сынақтар жүргiзу үшiн 2 % кем болмайтын суландырғыш запасымен қамтылады. Ашылған және ақаулы суландырғыштардың орнына тығындар мен бұқтырмаларды, сондай-ақ диаметрi қондырғының жобасына сай келмейтiн суландырғыштарды орнатуға тыйым салынады.

      143. Қорғалатын бiр үй-жайдың шегiнде бiр диаметр шығу тесiгi бар көбiк суландырғыштар орнатылады.

4.5. Газды өрт сөндiру автоматты қондырғыларға қойылатын талаптар

      144. Жабдықтар, бұйымдар, материалдар, газды өрт сөндiру құрамдары мен қондырғыда қолданылатын оларды ығыстырып шығаруға арналған газдардың сапасын, сақталу мерзiмiн куәландыратын паспорты, құжаттары болуға және қолдану талаптары мен қондырғыға арналған жобаның спецификациясына сәйкес келуi қажет.

      145. Қондырғыларда тек белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген газды от сөндiру құрамдары пайдаланылады.

      146. Газды от сөндiру құрамдарын ығыстырып шығаратын газ ретiнде ауа, азот, инерттi газ бен олардың қоспаларын пайдаланады. Ауаға арналған шық нүктесi минус 40 о С аспауы қажет.

      147. Өрт сөндiру қондырғыларында пайдаланылатын ыдыстар (түрлi құрылмалық орындаудағы ыдыстар, жеке немесе батареяларда орнатылған баллондар және т.с.с.) "Қысым асты жұмыс iстейтiн ыдыстарды орнату және пайдалану ережелерiнiң" талаптарына сәйкес келуi қажет.

      148. Қондырғылар газды өрт сөндiру құрамы мен ығыстырушы-газ қысымының мөлшерiн бақылау құрылғыларымен қамтамасыз етедi.


      Пайдалану жағдайларында газды өрт сөндiру құрамы ығысқан газ болып табылатын қондырғыларды тек қана қысымды бақылау құрылғыларымен қамтамасыз етуге жол берiледi.

      149. Қондырғылар 15 с. аспайтын iске қосылу уақытын (адамдарды эвакуациялауға қажеттi газды от сөндiру құрамын шығарудың кiдiру, технологиялық жабдықтың тоқтау уақытын есепке алмай) қамтамасыз етуi қажет.

      150. Қондырғылар қорғалатын үй-жайдың көлемiнде нормативтiктен төмен болмайтын газды от сөндiру құрамының шоғырлануын қамтамасыз ету қажет.

      151. Ыдыстарды газды от сөндiру құрамы мен салмағы (қысымы) бойынша ығыстырғыш-газбен толтыру қондырғыға арналған жобаның және ыдыстарға, газды от сөндiру құрамына, сондай-ақ оларды пайдалану жағдайларына арналған техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуi керек. Бiр типтi өлшемдi баллондар үшiн қондырғыда газды от сөндiру құрамы мен ығыстырушы-газбен толтыру бойынша есептiк мәндер бiрдей болуы қажет.

      152. Газды от сөндiру құрамының есептiк мөлшерiнен басқа, орталықтандырылған қондырғылардың 100 %-тiк резервi болуы қажет. Орталықтандырылған қондырғыларда газды от сөндiру құрамының запасы мiндеттi болып табылмайды.

      153. Газды от сөндiру құрамының есептiк мөлшерiнен басқа, модульдi қондырғылардың 100 %-тiк запасы болуы керек. Модульдi қондырғыларда газды от сөндiру құрамының запасы мiндеттi болып табылмайды.


      Газды от сөндiру құрамының запасын қондырғының баллондарына ұқсас баллондарда объектiде сақтаған жөн. Газды от сөндiру құрамының запасы қондырғыға жинақтауға дайындалуы керек.
      Объектiде бiрнеше модульдi қондырғы болған жағдайда объектiде қолданылатын кез келген қондырғының әрбiр типi өлшемiнiң баллонын толық ауыстыруға жеткiлiктi көлемде газды от сөндiру құрамының жалпы запасының болуына рұқсат етiледi.
      Модульдi қондырғыда газды от сөндiру құрамының резервi болған кезде осы қондырғы үшiн газды от сөндiру құрамының запасының мiндеттi болып табылмайды.
      Қорғалатын объектiде газды от сөндiру құрамының резервiн (запасын) орналастыру ұсынылмайды.

      154. Орталықтандырылған қондырғылардағы газды от сөндiру құрамының резервi бар ыдыстар мен модульдi қондырғылардағы газды от сөндiру құрамының запасы немесе резервi бар баллондарды қоса алғанда қондырғының әр ыдысындағы газды от сөндiру құрамы мен ығыстырушы-газдың қысымының салмағы олардың есептiк мәндерiнен 95%-тен кем болмауы қажет.


      Қондырғыларды пайдалану жағдайында ығысқан газ болып табылатын газды от сөндiру құрамының қысымын ғана бақылауға рұқсат етiледi.

      155. Газды от сөндiру құрамын беру құбыр жолдары мен қондырғылардағы олардың қосылыстары пайдалану жағдайында ыдыста газды от сөндiру құрамының ең жоғарғы қысымынан 1,25 кем болмайтын, ал оятқыш құбыр жолдар мен олардың қосылыстары үшiн оятқыш жүйедегi газдың (ауаның) ең жоғарғы қысымынан 1,25 кем болмайтын қысым кезiнде берiктiктi қамтамасыз ету қажет.

      156. Қондырғылардағы оятқыш құбыр жолдар мен олардың қосылыстары оятқыш жүйедегi газдың (ауаның) ең жоғарғы қысымынан 1,25 кем болмайтын қысым кезiнде қымтақтықты қамтамасыз етуi қажет.

      157. Қондырғыларды электрмен жабдықтау құралдары:


      1) автоматты және қолмен арақашықтық iске қосуды;
      2) автоматты iске қосуды ажырату және қалпына келтiру;
      3) кернеудi негiзгi кезден ажыратқан кезде электр қоректенудi негiзгi кезден резервке автоматты ауыстырып-қосуды;
      4) өрт сигнал беру шлейфтерi мен қосу желiлерiнiң ақаусыздығын (үзiлуiн, қысқа тұйықталуын) бақылау;
      5) iске қосу элементтерiн басқарудың электр шынжырларының ақаусыздығын (үзiлуiн) бақылау;
      6) жүргiзудегi, баллондар мен оятқыш құбыр жолдардағы қысымды бақылауды;
      7) дыбыстық және жарық сигнал беру жабдығының ақаусыздығын бақылауды (шақыру бойынша);
      8) дыбыстық сигнал беру жабдығын ажыратуды;
      9) көлемнiң технологиялық және электртехникалық жабдықтарын, желдетудi, ауа баптауды, сондай-ақ өрт туралы хабарлау құрылғыларын басқаруға арналған командалық импульсты қалыптастыру және берудi қамтамасыз етуi қажет.

      158. Қондырғылар газды от сөндiру құрамын адамдарды үй-жайдан эвакуациялауға қажеттi, алайда адамдарды эвакуациялау туралы хабарландыру құрылғысын үй-жайға қосқан сәттен бастап 10 с. кем болмайтын уақытқа автоматты және қолмен арақашықтық iске қосу кезiнде қорғалатын үй-жайға шығаруды кiдiртудi қамтамасыз етуi қажет.


      Қорғалатын үй-жайдағы желдету жүйесiнiң ауа арнасындағы жапқыштардың (қақпақтардың) толық жабылу уақыты газды от сөндiру құрамын осы үй-жайға шығаруды кiдiрту уақытынан аспауы қажет.

      159. Өрт орнының үй-жайында немесе тәулiк бойы кезекшiлiк жүргiзетiн мамандары бар басқа үй-жайда ҚР ҚНжЕ 2.02-15 талаптарына сәйкес жарықтық және дыбыстық сигнал беру жабдығы қарастырылады.

      160. Қондырғылар жергiлiктi iске қосу құрылғыларымен жабдықталады. Қондырғыларды жергiлiктi iске қосу құрылғыларының, оның iшiнде үлестiру құрылғыларын iске қосу элементтерiнiң қорғалатын үй-жайдың атауы көрсетiлген табличкалармен жабдықталады.

      161. Арақашықтық iске қосу құрылғыларын орнату, есiктердi ашқан кезде қондырғыларды автоматты iске қосуды ажырату, сондай-ақ қондырғыларды автоматты iске қосу режимiн қалпына келтiру ҚР ҚНжЕ 2.02-15 талаптарына сәйкес анықталады.


      Қондырғыларды автоматты iске қосу режимiн қалыпқа келтiру құрылғысын бөтен адамдардың келуiн болдырмау үшiн қоршаулар болған кезде қорғалатын үй-жайдың кiруiне орналастыруға рұқсат етiледi.

      162. Қондырғылардың саптамалары қондырғыға арналған жобаға және саптамаға арналған техникалық құжаттамаға сәйкес кеңiстiкте орналастырады және бағдарлайды.


      Саптамалардың бүлiнуi ықтимал орындарда олардың қорғалуы қамтамасыз етедi.

      163. Қондырғыларда жарықтар, жаншықтар мен оның жұмыс қабiлеттiлiгiне ықпал ететiн басқа да ақаулары бар саптамаларды қолдануға рұқсат етiлмейдi.

      164. Қондырғылар оятқыш жүйелерге арналған жинақталған саннан 10 %-тен кем болмайтын өрт хабарландырушылары мен спринклерлiк суландырғыштардың запасымен қамтамасыз етедi.
      Ашылған спринклерлiк суландырғыштар мен ақауы бар саптамалардың орнына тығындар мен бұқтырмаларды, сондай-ақ қондырғыға арналған жобаға сәйкес келмейтiн саптамаларды пайдалануға рұқсат етiлмейдi.

      165. Оймалар мен нығыздағыш беттерден басқа құбыр жолдардың сыртқы беттерiне қорғаныш бояу жағады.

      166. Құбыр жолдарды қоса алғанда қондырғылардың құрама бөлiктерiн бояу "Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге, қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Саптамаларды, өрт хабарландырушылары мен оятқыш жүйелердегi термосезгiш элементтердi бояуға рұқсат етiлмейдi.

      167. Күрделi жөндеуге дейiн қондырғыларды пайдалану мерзiмi 10 жылдан кем болмауы қажет.

4.6. Ұнтақты өрт сөндiру автоматты қондырғыларына қойылатын талаптар

      168. Ығысқан газды тұрқыда сақтау тәсiлi бойынша қондырғылардың модульдерi (ыдыстар):


      1) енгiзiлген;
      2) газ генерациялау (пиротехникалық) элементтерi бар;
      3) ығысқан немесе сұйылтылған газы бар болып бөлiнедi.

      169. Инерциялылығы бойынша қондырғылар:


      1) аз инерциялы, 3 с. аспайтын;
      2) орташа инерциялы, 3 с. бастап 180 с. дейiн;
      3) жоғары инерциялы, 180 с. аспайтын болып бөлiнедi.

      170. Тезәрекеттiлiгi (бұдан әрi Б) бойынша қондырғылар:


      1) Б-1, 1 с. дейiн тезәрекеттiлiгi бар;
      2) Б-2, 1 бастап 10 с. дейiн тезәрекеттiлiгi бар;
      3) Б-3, 10 с. бастап 30 с. дейiн тезәрекеттiлiгi бар;
      4) Б-4, 30 с. астам тезәрекеттiлiгi бар топтарға бөлiнедi.

      171. Әрекет ету уақыты (от сөндiру ұнтағының берiлуiнiң ұзақтығы) бойынша қондырғылар:


      1) 1 с. кем әрекет ету уақыты бар, тез әрекеттi, импульсты (бұдан әрi И);
      2) 1 с. бастап 15 с. дейiн шамасында әрекет ету уақыты бар қысқа уақытты әрекет (бұдан әрi ҚӘ-1);
      3) 15 с. астам әрекет ету уақыты бар қысқа мерзiмдi әрекетi бар (бұдан әрi ҚМ-2) болып бөлiнедi.

      172. Өрттi сөндiру тәсiлi бойынша қондырғылар:


      1) көлемдi сөндiру қондырғылары;
      2) беттiк сөндiру;
      3) көлемi бойынша жергiлiктi сөндiру болып бөлiнедi.

      173. Модульдiң (ыдыстың) бiрлiктiк тұрқының сыйымдылығы бойынша қондырғылар:


      1) модульдi қондырғылар;
      2) 0,2 л. бастап 50 л. дейiнгi көлемi бар, импульсты, тез әрекет ету қондырғылары;
      3) 2 л. бастап 250 л. дейiнгi көлемi бар қысқа мерзiмдi әрекетi бар қондырғылар;
      4) 250 л. бастап 5000 л. дейiнгi көлемi бар агрегатты қондырғылар болып бөлiнедi.

      174. Қондырғылар:


      1) өздiгiнен жануға және заттың iшкi көлемiнде шiруге бейiм жанғыш материалдардың (сүрек үгiндiлерiнiң, мақта және шөп ұнының);
      2) ауаның араласуынсыз шiру мен жануға бейiм химиялық заттар мен олардың қоспаларының, өзтұтанғыш және полимер материалдардың өртенуiн сөндiру үшiн қолданылмайды.

      175. Құрылмаға, сенiмдiлiгiне, сыртқы әсерлерге төзiмдiлiгiне, жинақтылығына, орауы мен таңбалауына қойылатын талаптар, сондай-ақ қондырғыларға қойылатын қауiпсiздiк талаптары мен оларды сынау әдiстерi Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес анықталады.

      176. Қорғалатын барлық көлемдi сөндiру көзделген үй-жайларда есiктердiң өздiгiнен ашылуына қарсы ойықтарды нығыздау (герметизациялау) бойынша шаралар қабылдайды.

      177. Қорғалатын үй-жайдың жалпы алмастыру желдеткiштерiнiң ауа арна, ауа жылыту және ауаны баптау жүйелерiнде ауа бұқтырмаларын немесе өртке қарсы қақпақтарды қарастырады.

      178. Ауада қалқып жүрген жану өнiмдерi мен ұнтақтарды жою үшiн қондырғылардың жұмысы аяқталғаннан кейiн жалпы алмастыру желдеткiшiн пайдалану қажет.

4.7. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларына қойылатын жалпы талаптар

      179. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғылары өрттi автоматты анықтауды, өрт туралы өрт орны ғимаратына хабарлауды, хабарлаудың техникалық құралдарына басқару сигналдарын қалыптастыру мен беру мүмкiндiгiн және адамдарды эвакуациялауды басқаруды, өрт сөндiру, түтiндi жою, инженерлiк және технологиялық жабдық қондырғыларын басқару аспаптарымен қамтамасыз ету үшiн қолданылады.

      180. Қондырғылар кезекшi мамандарды өрт туралы сигналдан ерекшеленетiн жарықтық және дыбыстық сигналдардың көмегiмен жекелеген техникалық құралдардың арасында байланыс желiсiнiң ақаулығын анықтау туралы хабарландыруды қамтамасыз етуi қажет.

      181. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының жүйелерi өрт пайда болғаны туралы кезекшi маманның ғимаратына қабылдау-бақылау құрылғысы мен ғимараттар мен құрылыстардағы хабарландырудың арнайы шығарылатын құрылғыларына жарықтық және дыбыстық сигнал берудi қамтамасыз етуi қажет.

      182. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларының техникалық құралдары бiр-бiрiмен, сондай-ақ олармен өзара байланысатын басқа да техникалық құралдармен электрлiк және ақпараттық үйлесiмдiлiктi қамтамасыз етуi қажет.

      183. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларының техникалық құралдарының арасындағы байланыс желiлерi олардың өрттi анықтау, эвакуация туралы сигналды беруге қажеттi уақыт, эвакуация уақыты, сондай-ақ басқа да техникалық құралдарды басқаруға қажеттi уақыт iшiнде қызмет етуiн қамтамасыз етудi ескере отыра орындайды.

      184. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларының өрт жабдықтарының басқару аспаптары басқарылатын жабдықтың типiне және нақты объектiнiң талаптарына сәйкес басқару алгоритмiн қамтамасыз етуi қажет.

      185. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларының техникалық құралдары өз қызметтерiн орындауы кезiнде үздiксiз электрқоректенумен қамтамасыз етедi.

      186. Өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығының автоматты қондырғыларының техникалық құралдары қорғалатын объектiге тән шектiк рұқсат етiлген деңгейi бар электромагниттiк кедергiлердiң әсерiне тұрақты болуға, сонымен қатар олар қорғалатын объектiде пайдаланылатын техникалық құралдарға электромагниттiк кедергiлермен терiс әсерлердi тигiзбеу қажет.

      187. Өрт хабарландырушылардың, өрт сигнал беру жабдығының адрестiк жүйелерiнiң, қабылдап алу-бақылау аспаптарының, сондай-ақ күзет, өрт және өрт-күзет сигнал беру жабдықтары жүйелерiнiң параметрлерi Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес анықтайды.

4.8. Өрт хабарлауыштарына қойылатын талаптар

      188. Әрекетке келтiру тәсiлi бойынша өрт хабарландырушылары автоматты және қол болып бөлiнедi.

      189. Өрттiң бақылау белгiсiнiң түрi бойынша автоматты өрт хабарландырушылары мынадай типтерге:
      1) жылу;
      2) түтiн;
      3) жалын;
      4) газ;
      5) құрама болып бөлiнедi.

      190. Өрттiң бақыланатын белгiсiне реакцияның сипаты бойынша автоматты өрт хабарландырушылары:


      1) максимал;
      2) дифференциалды;
      3) максимал-дифференциалды болып бөлiнедi.

      191. Әрекет принципi бойынша өрт түтiн хабарландырушылары:


      1) ионизациялық
      2) оптикалық болып бөлiнедi.

      192. Әрекет ету принциптерi бойынша түтiн иондау хабарландырушылары:


      1) радиоизотопты;
      2) электриндукциялық болып бөлiнедi.

      193. Өлшеу аймағының конфигурациясы бойынша түтiн оптикалық өрт хабарландырушылары:


      1) нүктелiк;
      2) сызықтық болып бөлiнедi.

      194. Өлшеу аймағының конфигурациясы бойынша жылу өрт хабарландырушылары:


      1) нүктелiк;
      2) көпнүктелiк;
      3) сызықтық болып бөлiнедi.

      195. Сезгiш элементтер қабылдайтын электр магниттiк сәулелену спектрiнiң саласы бойынша жалынның өрт хабарландырушылары:


      1) сәулеленудiң ультракүлгiн спектрi;
      2) сәулеленудiң инфрақызыл спектрi;
      3) сәулеленудiң көрiнетiн спектрi;
      4) көп ауқымды болып бөлiнуi қажет.

      196. Электр қоректену тәсiлi бойынша өрт хабарландырушылары:


      1) шлейф бойынша қоректенетiн;
      2) жеке сым бойынша қоректенетiн;
      3) автономды болып бөлiнедi.

      197. Адресiнiң қондырғысының мүмкiндiгi бойынша өрт хабарландырушылары:


      1) адрестiк;
      2) адрестiк емес болып бөлiнедi.

      198. Өрт сигнал беру жабдығының автоматты жүйелерiнiң өрт хабарландырушылары қорғалатын үй-жайда өрттi үй-жайдың кез келген нүктесiнен уақытында табуды қамтамасыз ететiндей орналастырады.

      199. Қол өрт хабарландырушылары эвакуациялау жолдарында өрт пайда болған жағдайда оларды қосуға қол жетiмдi орындарда орнатады.

      200. Өрт хабарландырушылар тәулiк бойы үздiксiз жұмысқа есептелген болуы керек.

      201. Өрт хабарландырушылар қабылдау-бақылау аспаптарымен ақпараттық және электрлiк сыйымдылықты қамтамасыз етуге тиiс.

      202. Өрт хабарландырушыларының қауiп-қатер дабылын беру режимiнде қосылатын iшiне салынған қызыл түстi оптикалық индикаторы болуы қажет.


      Оптикалық индикаторды өрт хабарландырушысына орнату мүмкiндiгi болмаған жағдайда шығару оптикалық индикаторын қосу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi немесе қауiп-қатер дабылын берудiң жергiлiктi индикациясына арналған басқа да құралдары болуы керек.

      203. Егер өрт хабарландырушысының құрылмасы оны розеткаға бекiтудi қарастыратын болса, өрт хабарландырушыларын розеткадан ажыратқан кезде қабылдау-бақылау аспаптарында ақаулық туралы хабардың қалыптасуы қамтамасыз етiлуi қажет.

      204. Өндiрiс процесiнде пайдаланылатын өрт хабарландырушыларының мөлшерлеу немесе күйiн келтiру элементтерiнiң өрт хабарландырушысын жасағаннан кейiн сырттан қол жетiмдiлiгi болмауы қажет.

      205. Өрт хабарландырушысының сезгiштiгiн сыртқы туралау мүмкiндiгi кезiнде мынадай талаптарды орындайды:


      1) сезгiштiктiң әр деңгейiне өрт хабарландырушыларына арналған белгiлi бiр таңбалау сәйкес келуi қажет;
      2) өрт хабарландырушысын жинақтағаннан кейiн туралау құралдарына тiкелей қол жетiмдiлiк болмауы керек.

      206. Өрт хабарландырушылары оның әрбiр үлгiсiнде сынақтар кезiнде нормаланатын барлық техникалық сипаттамаларды тексерудi, сондай-ақ пайдалану процесiнде жұмысқа қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ететiн қалпына келтiру бұйымы болуы қажет.

      207. Сызықтық өрт хабарландырушысының iске қосылу шегi 0,4 дБ бастап 5,2 дБ дейiнгi шамада, сонымен қатар хабарландырушылардың сегiз үлгiсi үшiн жұмыс iстеудiң ең жоғарғы және ең төменгi шегiнiң мәндерi 1,3 аспауы қажет.

      208. Iске қосылудың реттелмелi шегi бар сызықтық өрт хабарландырушының iске қосылудың белгiленген мәндерiн көрсететiн құрылғымен қамтамасыз етiледi. Iске қосылу шегiн реттеу ауқымы 0,4 бастап 5,2 дБ дейiн шамада болуы қажет.

      209. Сызықтық өрт хабарландырушысының жұмыс iстеу шегiнiң мәнi үздiксiз ұзақ жұмыс кезiнде өзгермеуi керек.

      210. Сызықтық өрт хабарландырушысының жұмыс iстеу шегiнiң мәнi оптикалық осiнiң тiк және көлденең жазықтықтарға көлбеуi бұрышының өзгерiстерiне байланысты болмауы қажет.

      211. Сызықтық өрт хабарландырушысының жұмыс iстеу шегiнiң мәнi қоректену кернеуiнiң номиналды мәндерiнен 85%-тен бастап 110%-ке дейiнгi шамада қоректену кернеуiнiң өзгерген кезде өзгермеуi керек.

      212. Сызықтық өрт хабарландырушысының қарама-қарсы компоненттерiнiң хабарландырушының оптикалық осiнiң тiк және көлденең жазықтықтарға көлбеуi бұрышын өзгертуге мүмкiндiк беретiн туралау құрылғысы болуы қажет.

      213. Сызықтық өрт хабарландырушысы кабель қосылыстарының ақаулығы жағдайында "Ақаулық" деген сигналды қалыптастырумен компоненттер арасында кабельдiк қосылыстарды бақылауды қамтамасыз етуi керек.

      214. Кезекшi режимде тұрған сызықтық өрт хабарландырушысының тұтынатын қуаты 1,0 Вт аспауы қажет.

      215. Сызықтық өрт хабарландырушысының жұмыс iстеу шегiнiң мәнi жолдың оптикалық ұзындығына байланысты болмауы қажет.

      216. Сызықтық өрт хабарландырушысы ортаның оптикалық тығыздығы (5,2 + 0,5) дБ жылдам артқан кезде (5 с аспайтын уақытта) 10 с аспайтын уақытта "Өрт" деген сигналды қалыптастыруы қажет.

      217. Оптиканы ластау компенсациясының құрылғысы бар сызықтық өрт хабарландырушысы 2,8 дБ шектiк компенсациясына қол жеткiзген кезде 30 мин iшiнде 0,268 дБ аспайтын ортаның оптикалық тығыздығын өзгерту жылдамдығымен "Ақаулық" деген сигналды қалыптастыруы керек.
      1 мин iшiнде 0,109 дБ аспайтын жылдамдығы бар ортаның оптикалық тығыздығы одан ары артқан кезде компенсация құрылғысы бар сызықтық хабарландырушы 10 дБ ортаның оптикалық тығыздығы мәнiне қол жеткiзгенге дейiн "Өрт" деген сигналды қалыптастыруы қажет.

      218. Сызықтық хабарландырушы таратқыш (1 + 0,1) с сәулеленуi үзiлген кезде "Ақаулық" немесе "Өрт" деген сигналды қалыптастырмауы қажет.

      219. Дискреттi шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарландырушыларының iске қосылу сигналы жану өнiмдерiнiң әсерi аяқталғаннан кейiн сақталуы қажет. Сигналды ажырату қоректендiрудi 3 с аспайтын уақытқа ажырату арқылы немесе арнайы құрылғының көмегiмен жүргiзiлуi қажет.

      220. Оптикалық өрт хабарландырушысының қоректену кернеуiнiң номиналды мәнi 6 В, 9 В, 12 В, 18 В, 20 В, 24 В қатарынан немесе 30 В анықталады.

      221. Оптикалық өрт хабарландырушысының сезгiштiгiн 0,05 дБ/м бастап 0,2 дБ/м дейiн шамада таңдалады.

      222. Дискреттiк шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарландырушысына арналған техникалық құжаттамада сезгiштiктiң нақты мәнiн белгiлейдi.

      223. Ұқсас шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарландырушысына арналған техникалық құжаттамада сезгiштiктiң мәнiнiң ауқымын белгiлейдi.

      224. Ұқсас шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарландырушысы бақылайтын ең жоғарғы меншiктi оптикалық тығыздық қалыпты жағдайларда 0,2 дБ/м кем болмауы қажет.

      224. Оптикалық өрт хабарландырушысының сезгiштiк мәнi:
      1) өрт хабарландырушысының iске қосылу санына байланысты болмауы қажет;
      2) ауа ағынының әсерiне байланысты болмауы қажет;
      3) ауа ағынының бағытына қарай бағдарға байланысты болмауы қажет;
      4) бiр үлгiден екiншiсiне өзгермеуi керек;
      5) нақты типтi оптикалық өрт хабарландырушысына арналған техникалық құжаттамада айтылған кернеу ауқымының iшiнде қоректену кернеуiне байланысты болмауы қажет.

      225. Радиоизотопты өрт хабарландырушысының iске қосылу шегi:


      1) салыстырмалы бiрлiктердiң 0,2 бастап 3,0 дейiн шамасында болуы қажет;
      2) барлық үлгiлер үшiн бiркелкi болуға тиiс.

      226. Радиоизотопты өрт хабарландырушысының iске қосылу шегi:


      1) iске қосылудың санына байланысты болмауы керек;
      2) ауа ағынының бағытының өзгеруiне байланысты болмауы қажет;
      3) ауа ағынының (1,0 + 0,1) м/с жылдамдықпен әсерi кезiнде өзгеруi қажет.

      227. Ауа ағынының (10,0 + 0,5) м/с жылдамдығы кезiнде радиоизотопты өрт хабарландырушысы "Дабыл" деген жалған сигналды бермеуi қажет.

      228. Радиоизотопты өрт хабарландырушысының iске қосылу сигналы жану өнiмдерiнiң (аэрозольдың) әсерi аяқталғаннан кейiн сақталуы қажет.

      229. Ұқсас сигналы бар радиоизотопты өрт хабарландырушысы жану өнiмiнiң (аэрозольдың) бақыланатын концентрациясының шығу сигналына түрленуiнiң бiр мағыналылығын қамтамасыз етуi қажет.

      230. Газды өрт хабарландырушылары төменде келтiрiлген газдардың бiр немесе бiрнешеуiне мына концентрациялар шегiнде реакцияға түсуi қажет:
      1) (СО 2 ) көмiртегiнiң ррm бастап 1500 ррm дейiнгi шегiнде;
      2) диоксидi үшiн 1000 (СО) көмiртегi оксидi үшiн 20 ррm бастап 80 ррm дейiнгi шегiнде;
      3) (С х Н у ) көмiрсутегi газдары үшiн 10 ррm бастап 20 ррm дейiнгi шегiнде.

      231. Газды өрт хабарлағыштары қоректену кернеуiнiң номиналды мәнiнен 75 % бастап 115 % дейiнгi шегiнде қоректену кернеуi өзгерген кезде жұмысқа қабiлеттiлiгiн сақтауы қажет.

      232. Автономды өрт хабарландырушысы iске қосылған кезде дыбыс деңгейi 4 мин. бойы 85 дБ кем болмайтын "Дабыл" деген сигналды беруi керек (автономды хабарландырушыдан 1 м. арақашықтықта өлшенген).

      233. Оптикалық-электронды түтiн автономды өрт хабарландырушыларының сезгiштiгi 0,05 дБ/м бастап 0,20 дБ/м дейiнгi шамада болуы қажет.

      234. Автономды өрт хабарландырушысының сезгiштiгiнiң мәнi (iске қосылу шегi):
      1) iске қосылудың санына байланысты болмауы керек;
      2) ауа ағынының бағытына бағдарға байланысты болмауға тиiс;
      3) бiр үлгiден екiншiсiне өзгермеуi керек.

      235. Автономды өрт хабарландырушысының сезгiштiгi 0,2 м/с бастап 1,0 м/с дейiнгi жылдамдығы бар ауа ағынының әсерiне байланысты болмауы қажет.

      236. Автономды өрт хабарландырушысының ауа ағынының (10,0 + 0,5) м/с жылдамдығының мәнi кезiнде "Дабыл" деген жалған сигналды бермеуi керек.

      237. Автономды өрт хабарландырушысының кезекшi режимде қоректенудiң iшкi көзiнен тұтынатын тоқтың мәнi 50 мкА аспауы қажет.


?


-orientul-apropiat--.html

-oritindi---sabati-masati.html

-ortaya-qoymaq---qamusi.html

-osnovi-dietoterapii-pri.html

-osnovnie-trebovaniya.html